БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық «Қызғалдақтың Отаны- Қазақстан!» қашықтықтан өткізу байқауының ережесі

ББ 2020 жылғы «_____»________

№______бұйрығына

1 – қосымша

 

Облыстық «Қызғалдақтың Отаны- Қазақстан!»  қашықтықтан өткізу байқауының ережесі

  1. Жалпы ережелер

Облыстық байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

- қызғалдақты қорғау, насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс,   

  түрлі шаралар арқылы жүзеге асыру;

- қызғалдақ гүлінің тарихымен танысу;

- оқушылардың танымдық және шығармашылық әрекеттерін арттыру;

- бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.

  1. Байқаудың уақыты және орны

         2.1 Байқау 2020 жылғы 6 сәуір – 1 мамыр  аралығында облыстық экологиялық - биологиялық  орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өтеді.

        2.2. Қатысу үшін жұмыстар 2020 жылғы 25 сәуірге дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберіледі. тел/факс. 50-47-97.

  1. Қатысушылар

3.1 Байқауға  Батыс Қазақстан облысының жалпы  орта білім беретін  мектептер, мектеп - интернаттары, облыстық білім беру мекемелері,  қосымша білім беру орталықтары оқушылары (7-9 сынып оқушылары) қашықтықтан қатыса алады.

  1. Жұмыс мазмұны және оларды рәсімдеу

Байқау үш  номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Қызғалдақтарды қорғау – менің міндетім» (ең үздік әңгіме)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын еске түсіру, қызғалдақтың тарихымен таныстыру, әдемілікті сезіне білуге, табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа байланысты әңгіме құрау.        

Рәсімдеу талаптары: мәтін MS Word мәтіндік редакторында терілген болу қажет. Қаріп: Times New Roman; қаріптің мөлшері - 14; аралық: 1 жол; сол жағынан - 2 см, оң жағынан - 2 см; тегістеу – ені бойынша, азат жол – 1,25 см; жұмыстың көлемі А4 форматында, әңгіме -1 беттен аспауы тиіс. (1 оқушыдан 1 әңгіме).  

2. «Әсем қызғалдақтар» фотоколлаждар номинациясы.

Байқауға қатысуға берілген тақырыпты ашатын сюжеті бойынша байланысқан фотосуреттер топтамасы (фотоколлаж) жіберіледі. Әрбір қатысушы қысқаша аннотациясы (суреттің мазмұны, орыны, фотосурет түсірілген уақыты) бар 6 фотосуреттен артық емес жұмыстарын жібере алады. Фотосуреттер файлы JPEG немесе PNG форматында болуы қажет. Орындалған суреттердің фотосуреттері ұсынылады.

Байқауды бағалау критерийлері: 

- байқаудың тақырыбына және номинацияға сәйкестігі;

-орындалған жұмыстың күрделілігі және техниканы меңгеруі; 

- материалдардың көркемдік және техникалық сапасы; 

- байқауға ұсынылған фотосуреттердің сапасы; 

- жас санатының сәйкестігі; 

- жұмысты рәсімдеу сапасы.  

3.«Қызғалдақты сақтайық!!!» - сәндік-қолданбалы өнер номинациясы. 

Байқауға қолдан жасалған қызғалдақтар кез-келген қалдық материалдан дайындалуы мүмкін, эстетикалық, қауіпсіз болуы керек.

Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:

- байқаудың тақырыбына және номинациясына сәйкестігі; 

- тақырыптың толық ашылуы;

- қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі; 

- орындау сапасы және технологиясы;

- материалдардың көркемдік және техникалық сапасы. Орындалған жұмыстың фотосуреттері ұсынылады (5 фотосурет).

  1. Марапаттау және қаржыландыру

Байқаудың әр номинациясы бойынша жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Үздік жүмыстар Fasebook, Instagram желілерінде detzoo-zko.kz сайтыда, жарияланады.