БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Экосоқпақ» жас экологтар мен натуралистер слетіне қатысуға шықырамыз

 

ББ 2020 жылғы «_____»________    

 №______бұйрығына

1 – қосымша

Облыстық «Экосоқпақ» жас экологтар

мен натуралистер слетін қашықтықтан өткізу ережесі

1.Жалпы ережелер

Облыстық слеттің негізгі мақсаты  мен  міндеттері:

Оқушыларда экологиялық сауатты мінез–құлық және табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыру, оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімін дамыту.            

2.Қашықтық слетінің уақыты және орны

2.1. Облыстық "Экосоқпақ" жас экологтар мен натуралистер слеті 2020 жылғы 15 – 25 маусым  аралығында өткізіледі.

2.2. Слеттің өткізілгендігі туралы хабарлама және сұраныспен жұмысы 2020 жылғы 23  маусымына дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберіледі. тел/факс. 50-47-97.

3.Қатысушылар

3.1. Слетқа Батыс Қазақстан облысының жалпы  білім беру мектептері, мектеп - интернаттары, облыстық білім беру мекемелерінің 8 – 10 сынып оқушылары, қосымша білім беру орталықтарының жас экологтары, натуралистер және  табиғат зерттеушілері қатыса алады. 

4.Жұмыс мазмұны және оларды рәсімдеу

Жұмыс мазмұны және оларды орындау техникасы

4.1. Слет далалық жағдайда өткізілуі керек. Әр аудан, қала өз аймағындағы өсімдіктері, құстары және бунақденелілермен танысуы және сипаттауы қажет. Команда мүшелерінің әрқайсысында практикалық жұмыстарға қажетті құрал – саймандары болуы және қазіргі таңдағы санитарлық нормалар сақталуы керек.

4.2. Слет келесі бағыттар бойынша өткізіледі: флористика, орнитология, энтомология.

Флористика теориялық бөлім. Жетекшілер үшін - өсімдіктердің түріне, құрамына, зерттелетін үлескеге жалпы шолу жасау. Аймақтың қызыл кітапқа енген өсімдіктері және дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат беру. Морфологиялық және систематикалық құрылымдарын анықтау. Өсімдіктермен анықтама бойынша жұмыстану, кеппешөптер  дұрыс жинау және өсімдіктерді пайдалану ережесін түсіндіру.

Практикалық бөлім:  үлеске бойынша - шалғындық және орман өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктерін, түрлерін, құрамын білу. Зерттелетін аймақтың өсімдігінің тұқымдасын және түрін өз бетімен анықтау. Жиналған мәліметті жүйелеп, өңдеу.

Сынақ талабы: өсімдіктің морфологиялық және систематикалық жүйесі бойынша  білімін  анықтау – өсімдік тұқымдастарының негізгі жүйесінің  жалпы көрсетілімі; тұқымдастығын ажырата білу, өз аумағындағы, Қызыл кітапқа енген  және зерттелетін аймақтың дәрілік өсімдіктерінің  түрі болса, құрамы бойынша білімдерін көрсету. Кемінде 10 өсімдікке морфологиялық және систематикалық талдау жасау және кеппешөп жасау (этикеткада жазылуы керек: түрі, систематикасы, жиналған жері,  биотобы, маңызы). Өткізілген теориялық, практикалық және сынақ видео (3 минут) түріне де жіберіледі және зерттеулер жұмысы презентация (10 бет) түрінде жасалуы керек.

Бағалау өлшемдері: Дұрыс кеппешөп жасау, дұрыс сипаттамасы, дұрыс жабдықтау жұмыстары.

Орнитологиятеориялық бөлім. Жетекшілер үшін - табиғаттағы тәртіп ережесін сақтау. Жазудың және қадағалаудың түрі. Құстардың санын есептеудің тәсілдері. Құстарды даусы және сыртқы  бейнесі арқылы анықтау.        

Практикалық бөлім: құстарды табиғатта оқып білу. Құстарды мінез құлықтарына қарай айыра білу (жалпы көркіне, бояуына, дауысының үніне, қылығына және айырықша қимылына, жайлауына). Құстардың  тіршілік ету әрекетіндегі әр түрлі іздеріне  қарапайым  бақылаулар жүргізу. Құстарды анықтама бойынша табу.

Сынақ талабы: іргелес жерлердегі құстардың түрлік құрамын анықтау (мысалы: кент төңірегінде, орман жолақтарында, дала, су айдыны және іргелес жерлердегі құстар) қатынасушылар сынақты топсеруен жүргізу кезінде су қоймасындағы құстардың ормандық және далалық биотоптарын анықтау арқылы тапсыру. Аймақтағы құстарды анықтау жұмыстарынан материал жасау керек кемінде 10 құс. Презентация (10 бет) белгілі бір жердегі құстарға орнитологиялық бақылау жүргізу (кем дегенде 10 түрге сипаттама беру,  құстардың түрлік атауы, мекендейтін орны, ұя салатын құстар, тамақтануы).

Энтомология – теориялық бөлім. Жетекшілер үшін - жүйелеуге кіріспе және бунақденелілердің зоологиялық номенклатурасы, морфологиясы. Жәндіктердің дамуы: толық және шала түрленіп. Зерттелетін үлескедегі  бунақденелілердің  отрядтарымен оқушыларды таныстыру.

Практикалық бөлім: Зерттелетін аумақтың бунақденелілердің  класын, отрядын, тұқымдас, туыс, түрін анықтау. Энтомологиялық топтама құрастыру. Этикет қағаз жапсыру. Жиналған материалдарды өңдеу.

Сынақ талабы: оқушы жәндіктердің топтамасын таныстыра білу керек (бөлек шағын қорапшада) немесе жәндіктер салынған мақта матрас; әртүрлі қанатты отрядтың екі  суреті. Жәндіктердің негізгі отрядатрының жалпы ортақ көрсетілімі болуы керек; бірінші қарағаннан негізгі отрядтардың тұқымдастығын ажырата білу; жәндіктерді тұқымдастығына дейін анықтауыш кесте бойынша белгілей білу. Жасалған жұмыстар видео (3 мин)түрінде қабылданады. 10 жәндік.

Ескерту: қызыл кітапқа енген соның ішінде жойылып кету қаупі бар жәндіктер ауланбайды. Презентация 10 беттен аспауы қажет.

  1. Қатысушыларды марапаттау

             Слеттің әр номинациясы бойынша жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталары және сыйлықтарымен марапатталады.

  1. Күтілетін нәтитже

- оқушыларда экологиялық сауатты мінез–құлық және табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыру;

- оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру;

- қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімін дамыту.