- Жалпы ережелері
Оқушыларды өздігінен ізденуге, қиялын, ой-өрісін кеңейтіп, ойын тұжырымдатып, шығармашылығын дамыту негізінде өткізіледі.
- Экологиялық брейнг – ринг мақсаты мен міндеттері:
- Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;
- Оқушыларды жануарлардың адамға, қоршаған ортаға тигізетін пайдасын ұғындыра отырып, оларға қамқор болып, жойылып кетуден сақтауға, қол ұштарын беруге тәрбиелеу;
- Жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз ету.
3.Қатысушылар
Байқауға қатысушылар –жалпы білім беру мектептерінің 7-8 сынып оқушылары. Әр ауданнан 2 оқушы , қаладан 6 оқушы. Қатынасушылар формасы ақ жейде.
Облыстық байқауға сұраныс және материалдар 2020 жылдың 10 қазанына дейін, төмендегі мекен-жайға жіберілсін: Орал қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі 49 үй, анықтама телефоны: 50-47-97, E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы.
- Өткізу уақыты мен орны
Облыстық қашықтан «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – ринг 2020 жылдың 15 қазан күні онлайн – Zoom арқылы белгіленген уақытта өткізіледі. Брейн – ринг (І кезең) 10.00 – 10. 40. (ІІ кезең)10.40 – 11.20 аралығында болады, финал 15.00 – 15. 40.
5.Өткізу тәртібі
Мектепішілік кезең: 5 қазан аралығы
Аудандық, қалалық кезең: 8 қазан аралығы
Облыстық кезең: 15 қазан өткізіледі (аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады).
Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – ринг жануарлар түрлері, ерекшеліктері және брейн – ринг мақсаты мен міндеттеріне cәйкес сұрақ – жауап арқылы өткізіледі:
- Іріктеу кезеңі І (15 оқушы) - 20 сұрақ – жауап;
- Іріктеу кезеңі ІІ (15 оқушы) - 20 сұрақ – жауап;
- Финал (14 оқушы) - 20 сұрақ – жауап;
- Қорытындылау
Облыстық қашықтан «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейнг – ринг жүлдегерлері білім басқармасының грамоталары және сыйлықтарымен марапатталады.