ББ 2020 жылғы «_____»________
№______бұйрығына
1– қосымша
«Шексіз әлем» атты облыстық қашықтықтан өткізілетін
байқауының ережесі
Жалпы ережелер
1.1. «Шексіз әлем» облыстық байқауының өткізу ережесі оның мақсатын, өткізу тәртібін және қаржыландыруын анықтайды.
1.2. Байқаудың мақсаты: Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар тұлғасын тиімді дамыту және оны қоғамда биімдеу, ой- қиялын дамыту, туған өлкенің табиғатын сүйу және патриоттық сезімін тәрбиелеу
1.3. Байқаудың міндеттері:
- өскелең ұрпақтың бойында өлкетану қызметін белсендіру арқылы белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру;
- өскелең ұрпақты азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу;
- туған өлкені танып - білу негізінде білім алушылардың шығармашылық потенциалдарын ынталандыру және дамыту;
- шығармашылыққа, өнерге тәрбиелеу.
2.Байқауға қатысушылар
2.1. Байқауға тек Батыс Қазақстан облысының облыстық, аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарында оқитын ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар 9-13 жас аралығында қатыса алады.
3.Өткізу тәртібі және шарттары
3.1.Байқау қашықтықтан өткізіледі:
бірінші кезең (іріктеу) - аудандық, қалалық;
екінші кезең – облыстық.
3.2. Екінші кезең 2020 жылғы 2 – 5 қараша аралығында өткізіледі.
3.3. Байқауға қатысушылардың сұраныстары 2020 жылғы 23 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне тел/факс 50-47-97, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіледі. Байқауға алдыңғы жылы қатысып орын алған оқушылар қатыса алмайды.
3.4. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
- Байқау кезеңдері мен мерзімі
3.1. Байқау 3 номинация бойынша қашықтықтан өтеді:
- 1. «Қазақстан-туған өлкем,табиғаты қандай көркем!» - суреттер байқау тақырыбына сәйкес келу керек (тақырып бойынша сурет салу). Суретті әр түрлі әдістермен салуға болады (тушь, майлы бояу, гуашь, акварель, пастель, түрлі - түсті карандаштар, фломастер, қарандаш, аралас техникалар және т.б.). Барлық ниет білдіруші оқушылар қатыса алады.
Орындалған суреттердің 3 фотосуреттері ұсынылады (Жұмыс барысынан). Суреттер e -mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіледі.
Сурет байқауын қазылар алқасының бағалау критерийлері: тақырыпқа сәйкестігі, нақтылығы, суреттің (жұмыстың) ашықтығы және көркемдігі, ақпараттың деңгейі, қиялы және өзіндік идеясы, орындалу сапасы.
- «Хэнд-мэйд –өз қолыңмен жасалған ғажайыптар» номинациясы бойынша еркін стильдегі қалдық заттардан жануарлар бейнесін, гүлдер жасау. Орындалған суреттердің фотосуреттері ұсынылады (3 фотосурет) (Жұмыс барысынан).
Бағалау критерийлері: жұмыстың берілген тақырыппен сәйкес келуі; орындау техникасы мен сапасы; материалды тиімді қолдануы; эстетикалық безендірілуі, талғамы, қиялы; шығармашылық қиялдары мен дизайнерлік ойлары. Барлық ниет білдіруші оқушылар қатыса алады. Жасалған жұмыстар фотосуреттері e -mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіледі.
- Мәнерлеп оқу байқауы «Табиғаттың әсемдігі» -оқушы ақындарымыздың 1 өлеңін жатқа оқу және өзі шығарған өлеңін оқиды. Өлең оқу ұзақтығы 3 минуттан артық болмауы тиіс. Барлық ниет білдіруші оқушылар қатыса алады. Видео түсірілім жіберіледі.
Бағалау өлшемдері: өлең тақырыбының ашылуы мен мазмұны, өлеңін құрылысы мен көркемдігі, мәнерлеп оқуы, дауыс дикциясы, сахна мәдениеті.
Видео түсірілім e -mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіледі.
- Қорытындылау және марапаттау
«Шексіз әлем» атты байқауының әр номинациясы бойынша жеңімпаздар білім басқармасының грамоталармен және сыйлықтарымен марапатталады.
- Күтілетін нәтиже
- Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың экологиялық дүниетанымын тәрбиелеу;
- Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ортада өздерін еркін ұстауға баулу;
- Байқау номинациялары бойынша оқушылар жұмыстарынан әдістемелік жинақ шығарылып, тарату.