Облыстық білім басқармасының облыстық экологиялық – биологиялық орталығының 2021 жылғы 8 ақпандағы №10 бұйрығына сәйкес қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби әлеуетінің дамуы, жұмыс тәжірибесімен алмасу, практикасының мазмұнын жаңарту мақсатында 16 ақпан күні «Шығармашылық ізденіс» атты байқауы өткізілді. Байқауға 5 қосымша білім беру педагогтері қатысты.
Байқау келесі бөлімдер бойынша өтті:
І кезең - "Өзіңді және өз үйірмеңді жарнамала " байқауының І бөлім
Бұл бөлімде қатысушылар өздері туралы және сторителлинг форматында өз үйірмесінің қызметі туралы әңгімелеп берді.
ІІ кезең - "Педагогикалық интерактив» Қатысушылар педагогикалық әдістерді (миға шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, коучинг құралдарын) қолдана отырып сабақтың үзіндісін көрсетті.
ІІІ кезең - "Педагогикалық жағдайлар" Экспресс-әдістемесі.
Педагогтер педагогикалық жағдаяттарды шешудің өз жолдарын ұсынды.
IV кезең – "Экокөзқарас" педагогтер келесі тақырыптар бойынша өз бейнероликтерін ұсынды:
1.Менің пәтерімдегі (үйдегі) су шығыны
2.Судың сапасын анықтау
3.Топырақтың қышқылдығын анықтау
4.«Менің экоізім»
5.Энергияны үнемдеу
6.Пәтеріңдегі экотазалық
Қазылар алқасы Кулмажитова Айнур Маратовна және Сапарова Шаттыгуль Радиковнаның жақсы дайындықтарын атап өтті.
«Шығармашылық ізденіс» байқауының қорытындысы бойынша:
I орын – Кулмажитова А.М
II орын – Сапарова Ш.Р
III орын – Шүкірова З.С
Алғыс хат – Мажитова Б.М
Алғыс хат – Багдаулетова А. О
https://detzoo-zko.kz/novosti-kz/301-854210548.html#sigFreeId06189ce26d