БҚО білім басқармасының Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын қолдау 30 наурыз күні «ЭКСПО – 2017» шеңберінде "Қазақстан - менің елім" жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы өткізілді.
Форумда 9 аудан, Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік Мектебінен, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатынан, Орал қаласы №№31, 46 жалпы орта білім беретін мектептерінен, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясынан 70 қатысушы болды.
Форум келесі бағдарлама бойынша өтті:
1. Құстар Күніне орай «Қанатты достарымыз» шығармашылық жұмыстар көрмесі:
- «Туған өлке құстарына қамқорлық» - фотобайқауы:
- «Құстар үйшігі» - ұялар байқауы.
2. Зерттеу жұмыстары мен жобалық байқау:
- «Жасыл экономика» номинациясы:
- «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы
- «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы
- «Экоәлем» номинациясы
3. «Табиғаттың қорғау шеңбері» экологиялық квесті
Форум қорытындысы бойынша Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Орал қаласының №31 ЖОББМ, Ақжайық және Бөкейордасы аудандарының оқушылары үздік деп танылды.