Білім басқармасының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда ең үздік оқу-тәжірибе үлескесінің тәжірибесін насихаттау, өскелең ұрпақты экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу, үздік ұжымдық – шығармашылық істер тәжірибесін жетілдіру, еңбекке деген жауапкершілігін арттыру мақсатында 29 қыркүйекте облыстық экологиялық-биологиялық орталығы облыстық «Күзгі өнімдер» байқауын өткізді.
Сонымен қатар, облыстық «Мектеп жанындағы үздіқ оқу -тәжірибе үлескесі», «Гүлденген мектеп» және «Фитодизайн» сырттай байқауыларының жеңімпаздарын атап өтті.
«Күзгі өнімдер» байқау 4 номинация бойынша өтті:
- «Табиғат ғажайыптары» әдеттегідей емес өнімдер;
- «Әдемілік сәті» мүсіндер;
- «Күзгі қиял» гүлдер композициясы;
- «Күзгі мотивтер» костюмдер.
Байқауға барлық 11 аудан, облыстық мекемелер және қалалық мектептер қатынасты. Барлығы 64-тен астам қатысушы.
Үздік дайындықпен Бөрлі, Тасқала, Қаратөбе аудандары және Облыстық балалар үйі келді.