БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық «Мектеп жанындағы үздік оқу-тәжірибе үлескесі» сырттай байқауының қорытындысы

 

Білім басқармасының  2017 жылдың  28 наурыздағы  №218  бұйрығына сәйкес наурыз - қыркүйек айлары аралығында жалпы орта білім беретін мектептерде оқу- тәжірибе жұмыстарының мазмұны мен әдісін жетілдіру, оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға, қоғам өміріне бейімделуіне, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру, үздік тәжірибелерін насихаттау мақсатында облыстық экологиялық - биологиялық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Мектеп жанындағы үздік оқу-тәжірибе үлескесі» байқауының қорытындысы өтті.

 Облыстық «Мектеп жанындағы үздік оқу-тәжірибе үлескесі» байқауына 12 аудан, Орал қаласы №32, 37, Серебряков ОЖББМ  қатысты. Барлығы 15 жұмыс болды.

Қазылар алқасы Зеленов, Тасқала, Ақжайық, Бөрлі аудандарының және Орал қаласынан №32, 37,  Серебряков ЖОББМ жақсы  дайындықтарын атап көрсетті.