Білім басқармасының 2017 жылдың 29 қыркүйектегі №812 бұйрығына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 1 – 20 қазан аралығында балалардың назарын жануарлар әлеміне, оларды сақтау және қорғау мәселелеріне аударту, табиғат әлеміне, оның сұлулығына және алуантүрлілігіне сүйіспеншілік пен байқампаздықты дамыту, жануарларға деген жанашырлық сезімін, келешек ұрпаққа жануарлар дүниесiн қорғауға, оның биологиялық сан алуандығын сақтауға тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 20 қазанында Облыстық экологиялық-биологиялық орталығында облыстық «Дүниежүзілік жануарларды қорғау» күніне арналған балалар шығармашылығы сырттай байқауы өтті.
Облыстық «Дүниежүзілік жануарларды қорғау» күніне арналған балалар шығармашылығы сырттай байқауына 12 аудан, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешені, Дарынды балаларға арналған мамандандырыдған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты , Орал қаласы №10, 17, 20, 24, ЖОББМ, №44 мектеп-гимназиясы қатысты. Барлығы 100-ден астам жұмыстар бағаланды.
Облыстық «Дүниежүзілік жануарларды қорғау» күніне арналған балалар шығармашылығы сырттай байқауы 4 номинация бойынша өтті.
Қазылар алқасы Орал қаласының №19 ЖОББМ, Бөкей Ордасы, Қаратөбеаудандарының жоғары дайындықтарын атап көрсетті.