«Менің Отаным - Қазақстан»
жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы
областной форум юных натуралистов и экологов
«Менің Отаным - Қазақстан»
Regional forum of young naturalists and ecologists
«Menin Otanym – Qazaqstan»
«Туған жер» бағдарламасының шеңберінде
«Менің Отаным Қазақстан» жас натуралистер мен
экологтардың облыстық форумының
қорытындысы
БҚО білім басқармасының Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында оқушыларды экологиялық тәрбиелеуге ықпал ететін жергілікті жердегі қоршаған ортаның экологиялық жағдайының мәселелерін зерттеу бойынша жұмыстарға, табиғат қорғау міндеттерін шешуге қатысуға, экологиялық-биологиялық білім беру мен кәсіби өзін-өзі тануға тарту мақсатында 10 қараша күні жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы өткізілді.
Форумда 12 аудан, облыстық мекемелер, мектептен тыс мекемелер, Орал қаласы №№34,36, 44 жалпы орта білім беретін мектептерінен, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясынан 100 қатысушы болды.
Форум келесі бағдарлама бойынша өтті:
І) Зерттеу жұмыстары мен жобалар байқауы:
1. «Агроэкология»
2.«Омыртқалы жануарлардың зоологиясы және экологиясы»
3. «Өсімдіктердің ботаникасы мен экологиясы»
ІІ) Шығармашылық жұмыстар:
1.Сурет байқауы «Жасыл әлем балалар көзімен »
2.Әншілер байқауы «Гүлдене бер туған өлкем»
3.Мәнерлеп оқу байқауы «Кең байтақ менім елім»
III. «Құс қанатындағы арман» акциясы
IV. Облыстық экологиялық-биологиялық орталығыда саяхат
V. Экологиялық квест.
Форум қорытындысы бойынша Теректі ауданының Шаған ЖОББМ, лингвистикалық гимназиясы, Қаратөбе ауданының Қалдығайты ЖОББМ және мектеп гимназиясы, Жаңақала ауданы №3 ЖОББМ және Ақжайық ауданының мектеп- гимназиясы оқушылары үздік деп танылды.