БҚО білім басқармасының облыстық экологиялық - биологиялық орталығының ұйымдастыруыментабиғатты қорғау шараларына позитивті қызығушылық қалыптастыру, туған өлкенің табиғи игілігі үшін мақтаныш сезімін ояту мақсатында 2017 жылдың 29 қараша күні «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде «Табиғат әлемі балалардың көзімен» атты облыстық сырттай байқауы өткізілді.
Байқауға 11 аудан, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешені, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты, М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп - интернаты және Орал қаласы № 2,19, 20, 36, 44 жалпы орта білім беретін мектептерінен қатысты. Барлығы 156 жұмыс болды.