БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар қорытындысы

Облыстық экологиялық – биологиялық орталығының  2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 22 қараша № 51 бұйрығына сәйкес  жас ұрпаққа Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында  ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында 29.11.2017- 15.12.2017 аралығында бірнеше мерекелік іс – шаралар жоспарланып өткізілді.

 

 

Қосымша білім беру педагогі Ф.К.Каумбаева 29 қараша күні оқушыларға патриоттық, адамгершілік тәрбие беру, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту  мақсатында облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат-кешені  («Табиғат сырлары» үйірмесі) және  Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне («Экология және қолөнер»үйірмесі) 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – елімнің тірегі» атты тәрбие сағатын өткізді. Шарада «Жұлдызды сәт» сайысының элементтері қолданылып, «Ойлан тап», «Адасқан әріптер», «Мақалдың жалғасын тап», «Жұмбақ шешу», «Сұрақтарға жауап беру», «Суретке қарап, сөйлем құру» сияқты бөлімдері өткізіліп, оқушылар өте жоғары қызығушылықпен қатысты. 

 

Қосымша білім беру педагогы К.Қ.Айхынова М.Горький атындағы қалалық кітапханасы мен бірлескен түрде  1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай тәрбиелік шара өткізді.  Үйірме оқушылары Елбасына арналған кітап көрмесімен танысып, жаңадан жарық көрген кітаптар мазмұнымен танысты. Өлеңдер оқылып, Елбасының өмір жолынан сұрақтарға жауап берді. Үйірме оқушылары қызығушылықпен қатысып, өз ойларымен бөлісті.

 

 

Қосымша білім беру педагогтары облыстық тарихи – өлкетану мұражайына үйірме мүшелерімен барып, Тәуелсіз еліміздің тарихымен танысып қайтты.
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсаны  Белгілі жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбит Досановтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған "Тозақ шеңбері" атты драмасын ОЭБО ұжымы тамашалап қайтты.

 

12.12.17 ж. күні  - Достық үйінде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік күні – ұлы күн!» атты мерекелік кеш өткізілді. Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі екендігін оқушыларға түсіндіру мақсатында өтті.  Шараға 150 үйірме оқушысы және ардагер ұстаздар мен ата- аналар қатысты.1

 

 

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне және  16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараларға 270 үйірме мүшелері қамтылды.

 

15 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Облыстық экологиялық – биологиялық орталығы ұжымына арналған мерекелік жиын өтті. Жиын басында Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Желтоқсан оқиғасы туралы фильм көрсетіліп, ұжым мүшелері

 

Тәуелсіздікке арналған ән мен жырдан шашу шашты. Жиын соңында еңбектегі шығармашылығы мен жетістігі үшін орталық қызметкерлері Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

 

Барлық суретті көру үшін басыңыз..