«Оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды енгізу» атты облыстық семинар қорытындысы
Білім басқармасының 2019 жылғы 8 қараша № 3 -10/5987 хатына және жұмыс жоспарына сәйкес облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру сапасын арттыру, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 20-шы қарашада «Оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды енгізу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
«Шексіз әлем» атты облыстық байқауының қорытындысы
Білім басқармасының 2019 жылғы 16 қазандағы № 695 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 5 қараша күні білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалардың тұлғасын тиімді дамыту және оны қоғамға бейімдеу, ой-қиялын дамыту, туған өлкенің табиғатын сүю және патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында облыстық экологиялық – биологиялық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Шексіз әлем» байқауы өткізілді.
Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – рингінің қорытындысы
Білім басқармасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №647 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 19 қазан күні оқушыларды өздігінен іздену, шығармашылығын дамыту мақсатында облыстық экологиялық – биологиялық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – рингі «Қазақстан»РТРК» МҚ БҚОФ базасында өтті.
Облыстық «Upcycling - біздің таңдау» байқауының қорытындысы туралы
Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, балалардың және ата-аналарының экологиялық мәдениетін көтеру мақсатында 9-14 қыркүйек аралығында облыстық экологиялық - биологиялық орталығының ұйымдастыруымен "Upcycling - біздің таңдау" облыстық байқауы өткізілді.