«Туған жер» бағдарламасының шеңберінде Халықаралық құстар күніне арналған «Құстар - біздің досымыз» облыстық байқауы
«Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – елдің дәулеті» дейді дана халқымыз. Табиғат әуесқойларының хайуанаттар ішінде ең жақсы көретіні – құстар. Олардың сан құбылтып салған әндері сүйсіндірмей қоймайды.
«Гүл мереке, күн мереке»
Облыстық Білім басқармасы облыстық экологиялық - биологиялық орталығының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 16 наурыз күні отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жандыларды әсемдікке, іскерлікке баулу, оқушылардың бөлме гүлдері туралы білімдерін кеңейту, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында облыстық экологиялық - биологиялық орталығында «Гүл мереке, күн мереке» атты байқауы өткізілді.
«Туған жер» бағдарламасының шеңберінде "Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес – жобасы байқауының қорытындысы
Білім басқармасының 2018 жылдың 23 қаңтардың № 53 бұйрығына сәйкес «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде 23 ақпан күні оқушылар бойында қоршаған ортаның экологиялық жағдайын меңгеру мен бағалау бойынша практикалық дағдыларының жүйесін қалыптастыру, оқушыларды экологиялық бағыттағы кәсіпкерлікті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру және өздерін болашақ маман ретінде елестете алу білімдерін дамыту мақсатында "Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес – жобасы байқауы өтті.
«Туған жер» бағдарламасының шеңберінде "Туған жер.Экология.Мен" облыстық ғылыми – практикалық конференциясының қорытындысы
Білім басқармасының 2018 жылдың 23 қаңтардың №52 бұйрығына сәйкес «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде 22ақпан күні оқушылардың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымын, отансүйгіштік санасын қалыптастыру, білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатында "Туған жер.Экология.Мен" облыстық ғылыми – практикалық конференциясы өтті.