«Табиғат әлемі балалардың көзімен»
БҚО білім басқармасының облыстық экологиялық - биологиялық орталығының ұйымдастыруыментабиғатты қорғау шараларына позитивті қызығушылық қалыптастыру, туған өлкенің табиғи игілігі үшін мақтаныш сезімін ояту мақсатында 2017 жылдың 29 қараша күні «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде «Табиғат әлемі балалардың көзімен» атты облыстық сырттай байқауы өткізілді.
«Менің Отаным - Қазақстан» жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы
«Менің Отаным - Қазақстан»
жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы
областной форум юных натуралистов и экологов
«Менің Отаным - Қазақстан»
Regional forum of young naturalists and ecologists
«Menin Otanym – Qazaqstan»
«Туған жер» бағдарламасының шеңберінде
«Менің Отаным Қазақстан» жас натуралистер мен
экологтардың облыстық форумының
қорытындысы
БҚО білім басқармасының Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында оқушыларды экологиялық тәрбиелеуге ықпал ететін жергілікті жердегі қоршаған ортаның экологиялық жағдайының мәселелерін зерттеу бойынша жұмыстарға, табиғат қорғау міндеттерін шешуге қатысуға, экологиялық-биологиялық білім беру мен кәсіби өзін-өзі тануға тарту мақсатында 10 қараша күні жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы өткізілді.
Форумда 12 аудан, облыстық мекемелер, мектептен тыс мекемелер, Орал қаласы №№34,36, 44 жалпы орта білім беретін мектептерінен, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясынан 100 қатысушы болды.
Форум келесі бағдарлама бойынша өтті:
І) Зерттеу жұмыстары мен жобалар байқауы:
1. «Агроэкология»
2.«Омыртқалы жануарлардың зоологиясы және экологиясы»
3. «Өсімдіктердің ботаникасы мен экологиясы»
ІІ) Шығармашылық жұмыстар:
1.Сурет байқауы «Жасыл әлем балалар көзімен »
2.Әншілер байқауы «Гүлдене бер туған өлкем»
3.Мәнерлеп оқу байқауы «Кең байтақ менім елім»
III. «Құс қанатындағы арман» акциясы
IV. Облыстық экологиялық-биологиялық орталығыда саяхат
V. Экологиялық квест.
Форум қорытындысы бойынша Теректі ауданының Шаған ЖОББМ, лингвистикалық гимназиясы, Қаратөбе ауданының Қалдығайты ЖОББМ және мектеп гимназиясы, Жаңақала ауданы №3 ЖОББМ және Ақжайық ауданының мектеп- гимназиясы оқушылары үздік деп танылды.
"Менің Отаным Қазақстан"
10 қараша күні "Туған жер" бағдарламасының шеңберінде "Менің Отаным Қазақстан" жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы өтеді.
Форум мақсаты: білім беру ұйымдарында оқушыларды экологиялық тəрбиелеуге ықпал ететін жергілікті жердегі қоршаған ортаның экологиялық жағдайының мəселелерін зерттеу бойынша жұмыстарға, экологиялық-биологиялық білім беру мен кəсіби өзін-өзі тануға тарту. Форумның ашылуы оқушылар жəне жастар сарайында өтеді.
«Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне» арналған байқаудың қорытындысы
Облыстық экологиялық – биологиялық орталығының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 1 қазан «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні» мерекесіне арналған табиғатты сүйе отырып және түсіне білуге баулу, жануарларды корғауға, күтіп, бағуға үйрету, байқампаздыққа баулу, жануарлар әлемінің сан алуандығы, олардың тіршілігі туралы түсінік беру мақсатында 14 қазан күні облыстық экологиялық-биологиялық орталығында «Жануарлар әлемінде» байқауы өткізілді.
Облыстық «Дүниежүзілік жануарларды қорғау» күніне арналған балалар шығармашылығы сырттай байқауы
Облыстық «Мектеп жанындағы үздік оқу-тәжірибе үлескесі» сырттай байқауының қорытындысы
Білім басқармасының 2017 жылдың 28 наурыздағы №218 бұйрығына сәйкес наурыз - қыркүйек айлары аралығында жалпы орта білім беретін мектептерде оқу- тәжірибе жұмыстарының мазмұны мен әдісін жетілдіру, оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға, қоғам өміріне бейімделуіне, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру, үздік тәжірибелерін насихаттау мақсатында облыстық экологиялық - биологиялық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Мектеп жанындағы үздік оқу-тәжірибе үлескесі» байқауының қорытындысы өтті.